Нашақорлық аса қауіпті де қасіретті дерт. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Жаңа Қазақстанның денсаулығы қуатты ұрпағын қалыптастыруда жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, жасөспірімдердің ғасыр дерті саналатын зиянды және бейәдеттерден аулақ болуға шақыру, бүгінгі жас буынды адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Жастарымызды жаңару мен жаңғыру жолына баулу, қоғамның қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, шығармашылық өнеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілген қалалық «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» плакаттар байқауында II орын алғаны үшін КДН-0919 тобының студенті БЕРДАЛЫ АЙБАНУҒА Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы атынан Диплом мен 70 мың теңге сыйақы табысталды. Құттықтаймыз! Жарқын болашақ пен шығармашылық өрлеу тілейміз!