Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының пробация қызметі мен полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары бірлескен жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.
Рейдтік іс-шараның мақсаты – пробациялық есепте тұрған адамдардың қайтадан қылмыс жасауының алдын алу, оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізіліп, олармен профилактикалық сұхбаттар өткізілді және жаза өтеу шарттары түсіндірілді.
Мағыналас іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.