Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар болып табылады. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті .
Ағымдағы жылдың қараша айының 18 жұлдызы күні Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданына қарасты N18 Ж.Еділбаева атындағы мектеп гимназиясында жоғарғы сынып оқушылары арасында “Қылмыстың алдын алу” тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында болатын тәртіп бұзушылықтың алдын алу және бұзақылық әрекеттер әкімшілік жауапқа тартылатындығы жайлы дәріптеу болды.
Жиналысқа “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастарға қызмет көрсету және жастар ісі мамандары қатысты.