Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2022 жылдың 23 қыркүйек күні мектеп директоры К.С.Жарасова, «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы ардагер ұстаз В.З. Юсупов, Шымкент қаласы Қаратау ауданының полиция басқармасы Шымкент ҚПД Қаратау АПБ бастығының орынбасары , полиция подполковнигі Б.Алиев, М.Алтынбаев, полиция майоры М.Тұрсынұлы ,Б.Маратұлы, мектеп инспекторы Ергешбаев Мухтар Ахметович қатысуымен жоғары сынып ұл балалармен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында кездесу өткізілді.
Жиналысты мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы жиналысты ашып, оқушыларды келген қонақтармен таныстырды.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының полиция басқармасы Шымкент ҚПД Қаратау АПБ бастығының орынбасары , полиция подполковнигі Б.Алиев сөз алып қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар және басқа аудандарда орын алып жатқан қақтығыстарды болған оқиғалармен байланыстыра отырып түсіндірме жұмыстары мен шолулар жүргізді. Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу, денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланбау туралы, өмірде болып жатқан мысалдарды келтіре отырып, кеңінен түсіндірме жұмыстарын жасады.
Кездесу барысында мектеп оқушылары көкейінде жүрген сұрақтар қойып, пікір алмасып, жасөспірімдер үшін өте керемет түсіндірме жұмыстарын жүргізгендері үшін келген қонақтарға алғыстарын білдірді.