Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Әл-Фараби ауданы аумағындағы ірі сауда орындары мен үй алдындағы азық-түлік дүкендерін аралап, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (19 тауар) мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді деп көрсетілген.
Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-4 бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республкасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белігленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру – ескерту жасауға алып келеді.
Аралау кезінде азық-түлік дүкендері иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің осы бабының бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады делінген.
Егер, қала аумағындағы дүкендерде тауар бағаларының қымбаттағанын байқасаңыздар 24-75-41 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады.