Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде дәріс өткізілді.
Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшесі Абуова Күлбала Елбайқызы жастарға іс-шараның негізгі бағыттарын түсіндіріп, дәріс өткізді.
Дәріске Шымкент қаласының жекпе-жек ұлттық спорты, панкратион және грэпплинг федерациясының Тұран орда кәсіпқой спорт клубының жас спорт шеберлері және «Жаңару» белсенділері қатысты. Айта кетерлігі — Тұран орда кәсіпқой спорт клубының спортшылары панкратион, грэпплинг, жекпе-жек, ММА спорт түрлерінен — Азия чемпиондары, ММА-ден – Әлем чемпиондары, Алаш Прайд, АСА тұжырымында өнер көрсететін спортшылар, Октагон FC тұжырымының чемпиондары болды.
Абуова Күлбала Елбайқызы жастар спортшыларға сыбайлас жемқорлықтың індет екенін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, халқымыздың игілігі мен еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосу әр азаматтың міндеті екенін алға тартты.
Дәріске 30-ға жуық адам қамтылды. Жиын соңында, «ЖАҢАРУ» РҚБ мүшелері еліміздің туын асқақтатын жігерлі спортшыларға өз сенімдерін білдіріп, тілектерін айтып дәрісті аяқтады.