«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.
Түркістан қалаcы Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінде 2022жылы 10 қазан күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, түнгі сағат 10:00-ден кейін оқушыларға көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тиым салынатындығы ескертілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері қала мектептерінде орын алған құқық бұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, ата-аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Ата-аналар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.