«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр.
Шымкент қаласы Полиция департаменті және Жоғарғы медицина колледжі арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында білім беру мекемесінде арнайы мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Меруерт Одаман, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мұғалімі Назира Жүргенбаева және «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Ержан Әбуталиев қатысты.
Кездесу барысында мамандар білім беру мекемесіндегі студенттік көшбасшылармен кездесіп, қазіргі жайғдайдағы есірткі заттарының таралу мәселесі мен оның алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы, синтетикалық есірткілердің зияндығы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Дөңгелек үстелде айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға шақыру міндеттелді.
Іс-шара соңында «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жастар көшбасшыларына арнайы дастархан жайылып, жақсы көңіл-күй сыйлады.