Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осы тұста халықтың құқықтық санасы мен құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды.
Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сол себепті Шымкент қаласының құқық қорғау органдары да халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал етіп отырады.
Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы аясында 01.12.2022 жылы Әл-Фараби ауданы прокуратурасы басшылығының, Әл-Фараби ауданы әкімінің, «АМАНАТ» партиясының, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту орталығының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен “Гауhар”тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аталған фабрикада еңбек шарты бойынша 250 адам жұмыс жасайтындығы белгілі болды.
Кездесу барысында топ өкілдері еңбек және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, жалақының уақытылы әрі толық төленуіне байланысты талаптардың сақталу жағдайымен танысып, оларға еңбек заңмаларының сақталуы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында еңбек ұжымына еңбек және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша прокуратура мен құзырлы органдарға кез-келген уақытта жүгінуге болатындығы түсіндірілді.
Сонымен қатар осы акция аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасы басшылығының, Әл-Фараби ауданы әкімінің, «АМАНАТ» партиясының, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту орталығының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен алкогольсіз сусындар өндіретін «ЗБН ВИЗИТ» ЖШС зауытының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аталған ЖШС-де еңбек шарты бойынша 180 адам жұмыс жасайтындығы белгілі болды.
Кездесу барысында топ өкілдері еңбек және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, жалақының уақытылы әрі толық төленуіне байланысты талаптардың сақталу жағдайымен танысып, оларға еңбек заңмаларының сақталуы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында еңбек ұжымына еңбек және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша прокуратура мен құзырлы органдарға кез-келген уақытта жүгінуге болатындығы айтылды.