Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық заттардың да саудасы қыза түсетіні анық. Алайда олардың барлығының сапасы жақсы, қауіпсіз деп айтуға келмейді. Ал жарылғыш заттардан жапа шегетіндердің басым бөлігі бүлдіршіндер екенін еске түсірсек, мейрамда балаларға қуаныш сыйлаймыз деп жүріп, оқыс оқиғаға жол беру қаупі барын әрдайым есімізден шығармағанымыз абзал. Сондай-ақ елімізде жыл сайын пиротехникалық жарылғыш заттардың салдарынан мереке кезінде ірі өрт факторлары тіркеледі. Мейрам кезінде қайғылы жағдайға душар болған жандар аз емес. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, өрт қауіпті немесе өрт-жарылыс қауіпті бұйымдарды сату немесе сақтау, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуға жол берілген жағдайда, аталған заттар мен бұйымдарды тәркілей отырып, әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатыны жайлы N135 мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар осы N135 жалпы орта білім беретін мектебінде “Қазіргі заман бозбала келбеті” тақырыбында ұлдар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицидтік жағдайлардың алдын алу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай ақ білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған және оларды пайдалануға шектелген заттар тізбесі мен бұзақылық жасау жайлы айтылды. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу заңдамалары түсіндіріліп, нұсқаулықтар таратылды.