Басқарма басшысы қабылдау бөлімінен бастап, емдеу бөлімшелерін аралап шықты. Қазір мұнда 234 науқас емделуде. Оның ішінде 161-і балалар. Сондай-ақ ауруханада коронавируске шалыққан 16 науқас ем алуда.
Айта кетейік, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынға арналған. Аурухана құрамында клиника- диагностикалык зертхана, бактериологиялык зертхана, провизорлық дәріхана, орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімі, физиотерапевтикалық және сәулелік диагностикалау бөлімі қызмет атқарады.
Басқарма басшысы қауіпті инфекциямен күресте аурухана мамандарының қызметі маңызды екендігін атап өтті. Осы ретте азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурсты жұмылдыру қажеттігін айтып, сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.