Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы тұста халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру өзекті. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударады. Осыған байланысты, конституциялық, азаматтық және өзге де адам және азаматтық құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан барлық аймақтарында түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Солардың бірі Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердің ата-аналарымен қала прокуратурасы қызметкерлерінің кездесу графигіне сәйкес 2022 жыл 6 қазан күні «С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа Түркістан қаласы прокуратурасының прокуроры Расул Ақжарқын Мұсағалиқызы, Түркістан Қалалық полиция басқармасы Кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Тұрсынбек Медет,Түркістан Қалалық полиция басқармасы ЖПҚ Ювеналды полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Құрбан Талас және ата-аналар, оқушылар қатысты. Жиналыста құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Жасөспірімдердің құқықтық санасы — жас ерекшеліктеріне, кәмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден туындайды. Құқықтық тәрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі. Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.