Елімізде халық арасында қордаланған құқықтық және әлеуметтік мәселелер өте көп. Халық өзінің жеке мәселелерін, арыз-шағымдарын билікке жеткізуі ашық әрі қолжетімді болуы қажет. Осындай кезде билік тарапынан халықтың әлеуметтік-құқықтық өтінімдерін қабылдау үшңн оларға қолайлы жағдай жасау керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында басым бағыттарының бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс.
Осы орайда Түркістан қаласы прокурорының ұйымдастырумен облыс прокуроры орынбасары Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы мен облыстық уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен Түркістан қаласының тұрғындарына жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында “Заң керуені” акциясы өтті. Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелеріне прокуратура өкілдерінен тікелей жауап алды. Акция аясында атқарушы жұмысы топ мүшелері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда ұлттық қауіпсіздік департаменті, полиция басқармасы, кәсіпкерлік жер қатынастарының мамандары бар, сондай ақ тұрғын-үй коммуникация бөлімі және де өзге сала басшылары халықтың сауалына үн қатты. Акцияның мақсаты бұл жергілікті халыққа құқықтық көмек көрсету, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, прокуратураның қоғамдағы рөлін көрсету, сондай ақ заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру жолдарын түсіндіру. Бұл акцияның тиімділігі халық пен мемлекеттік органдарды екеуінің жұмысын нығайту, яғни бір үйлесімді жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Ашық форматтағы бас қосуға елуден астам тұрғын келді. Олардың басым бөлігі жер, су, газ мәселесіне қатысты әңгіме қозғады, тұрғын-үй жайы да назардан тыс қалмады. Мәселен Баянауылдық тұрғын төрт жылдан бергі мектепке қатысты уәде орындалмағанын жеткізді. Созбалаңқыға созылған бұл түйткілдің нақты қашан шешімі болатынын сұрады. Жергілікті әкімдік Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков жыр болған мәселеге жауап берді. Оның сөзінше жұмыстар жоспарға сәйкес іске асырылуда. Қазіргі таңда мектеп құрылысын жүргізуге мердігер мекеме де анықталған. Аталған акция өңіріміздің барлық аудан қалаларында жүзеге аспақ. Жоспарға сәйкес 31 қазан мен 9 қараша аралығында жергілікті тұрғындар атқарушы орган мамандарына тиісті саулдарнын жолдай алады.