Біздің елімізде алкогольдік ішімдік ішіп көлік басқарғандарға қатаң жаза қарастырылған. Мас күйде көлік жүргізіп жол көлік оқиғаларын жасап жатады. Нәтижесінде көптеген адамдар зардап шегіп жатыр. Егер бұған дейін Қазақстанда мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынатын не 2 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылатын. Қазір олай емес. Енді мас күйінде көлік жүргізу мен апатқа ұшырау ауыр қылмыс қатарына енгізілді. Оның жазасы – бас бостандығынан айыру мен жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылу. Зардап шегуші тараппен татуласуға рұқсат берілмейді. Ал апат өлімге әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер азамат мас күйінде екі рет ұсталса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойға айырылады.
Осы тұста Түркістан қаласының тұрғыны 1992ж.т. Д.Розбаев 2020 жылы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылған.
Осыған қарамастан ол ағымдағы жылы ақпан айында спирттік ішімдік ішіп алып, мас халде қайтадан автокөлік басқарып жүрген және осы кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Д.Розбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталып сотқа берілген.
Түркістан қалалық сотының үкімімен Д.Розбаевқа өмір бойына көлiк құралын басқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Өз кезегінде Түркістандық құқық қорғау органдары мас күйде көлік басқармауға кеңес береді. Сондай-ақ, бұндай жайтқа қатаң түрде заң бар екенін ескертеді. Жол-көлік оқиғаларын болдырмауды назарға алуларыңызды сұрайды.