Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылады.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті бола түсуде. Нашақорлық арасында АИТВ таралуы қауіпті тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге жиі барады. Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1-қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын, соған байланысты синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігін атап көрсетіп, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыру тапсырылған.
Осындай жағдайлардың алдын алуда жастар ұйымының инспекторы және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологтарының ұйымдастыруымен Көпсалалы индустриалдық техникалық колледждің 2-3 курс студенттерінің арасында «Жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Жиналыстың мақсаты: Есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын, пайдалануын алдын алу. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.
Жастар спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.