ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының төрт елдімекеніне барып, су басу салдарын жою барысымен танысты, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесуде белгілі болғандай, әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралауды ұйымдастыру тапсырылды. Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елдімекендегі су сорылған. Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады.
Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған. Жедел шараларды ұйымдастырумен құтқару бөлімшелері мен ЖАО жағдайды тұрақтандырды. Елдімекендерде негізінен аула аумақтары су астында қалды, онда суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі