Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыру мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Әңгімелесу аясында тәртіп сақшылары жастар арасында діни экстремизмнің таралуына қарсы тұруға тоқталып, заңға қайшы әрекеттерден қалай қорғану керектігі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ полиция қызметкерлері студенттерге құқық бұзушылықтың құқықтық салдарын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.
Қорытындылай келе, полицейлер жастарды адалдыққа, жауапкершілікке, заңсыз әрекеттерге бармауға шақырса, студенттер мазмұнды дәріс пен пайдалы әңгіме үшін тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.