Наурыз айында орталық қызметкерлері 27 347 арыз-шағымды қарады. Оның ішінде 93,5%-ы орындалды. Қалған талап-тілектер жауапты мекемелердің қарауында. Бұдан бөлек, 19 473 мәселе 1 қоңырау шалудан шешілді.
Арыздар көбінесе 109 нөмірі арқылы қабылдануда. Байланыс тетігі арқылы өткен айда 23 178 шағым тіркелді. Қалған арыз-шағымдардар әлеуметтік желілер арқылы жолданған.