Кентау қалалық Арнаулы кәсіптік колледжінде «Отбасылық құндылықтар» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Б.Дәрібаева, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева, қалалық жастар ресурстық орталығының психологі Ұ.Өмірзаққызы, ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Абдукадыр, жастар денсаулық сақтау орталығының маманы теропевт Н.Смайлова, наркогог психолог А.Смайлова, Балаби қари мешітінің имамы Т.Жомарт және мекеме қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Кездесуде әдет-ғұрып пен имандылық, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіру, Зорлық- зомбылық және аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу, темекі, ішімдік, трамадол т.б. заттар адам өміріне зиян екендігі және денсаулықты күтіп ұстау тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында қатысушылар тапарынан сұрақтар қойылып, ұсыныс — пікірлер айтылды.