Бүгінгі таңда интренет желісінен «МЕКТЕП OnLine» жобасына жазылушылар саны 648 мың адамға жетті. Сондай-ақ қызығушылардың саны күн өткен сайын артып келеді. Бір қызығы арнаның жазылушылары мен көрермендері өзіміздің елдің тұрғындары ғана емес. Яғни географиясы кеңейіп, өзге мемлекеттердің де қызығушылығын тудырған. Әлбетте бұл таң қаларлық көрсеткіш емес. Өйткені жоба аясында математика, география, химия, физика және басқа пәндер бойынша мектеп тақырыптары егжей-тегжейлі және қызықты баяндалады.
2020 жылдың 5 наурызынан бері көрермен назарына ұсынылған «МЕКТЕП OnLine» жобасы әлемдегі ең танымал бейне хостингтен екі күміс батырмаға ие болды. Алайда жоба авторлары YouTube-тегі көрермен саны үшін емес, оқушылар арасындағы білім деңгейін арттыру үшін барымызды саламыз дейді.
«МЕКТЕП OnLine» педагогтар тапшылығы бар мектептер үшін нағыз көмек көзіне айналды. Интерактивті сабақтар қандай да бір оқу пәні бойынша мұғалімді де жоқтатпайды деуге негіз бар. Сонымен қатар, бұл үлкен онлайн кітапхана және интернет қолданушылар үшін үнемі жаңартылып отыратын білім қоры.
Арнадағы сабақтарды кәсіби мұғалімдер жүргізеді, олар өздерінің бейіндік пәнді жетік меңгерген. Оқушылар үшін ең қиын тақырыптарды да түсінікті тілмен, тәсілдермен жариялайды.
Қайырбек Бұксұқбаев МЕКТЕП OnLine жобасының химия пәнінің оқытушысы, Шымкент қаласы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры: «Мен балаларға сабақ беретін мектепте ғана емес, білімге мұқтаж және қандай да бір себептермен білім алуға мүмкіндігі бола бермейтін оқушыларға білгенімді үйреткім келеді. Көрермендеріміз бізге кейде аурып қалғандықтан сабаққа қатыса алмай қалғандығын, мектеп бағдарламасына үлгеру қиын екенін немесе өткен материалды түсінбейтінін жазады. Көптеген адамдар бағалардың артып кетуіне байланысты университетке түсуге дайындалу үшін мұғалім жалдауға мүмкіндік болмай қалатынын айтады. Біздің сабақтарымыз оқушыларға көп көмектеседі, өйткені химия оңай пән емес».
«TAMOS Education» физика-математика мектебінің оқытушысы Ринат Ибраимов бүгінде интернет ұсынатын заманауи мүмкіндіктерді кеңінен пайдалан қажет деп санайды.
«Егер мен мектепте оқып жүрген кезімде еркін қол жеткізуге болатын қосымша материалдар көп болса керемет қуанатын едім. Бірақ бізде ондай мүмкіндік болмады. Мектеп OnLine командасы бүгінгі заманның оқушыларының жан-жақты болуына жол ашып отыр. Үйде, кез-келген жерде, ешқайда барып уақыт жоғалтпай осы жобамен танысып, білімдерін жетілдірсе болады. Өйткені, ересектер мен балалар үшін ең қымбат ресурс – бұл уақыт».
Білім беру жобасының өзі де дамып келеді. 2022 жылдың соңында «МЕКТЕП ГЕОГРАФLINE ГЕОГРАФИЯ» жаңа арнасында алғашқы бейне сабақ жарыққа шықты. Арна Бастауыш сынып оқушылары үшін Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.
«МЕКТЕП OnLine» жобасының алдында әлі де көп жұмыс бар, оның болашағы зор деп үміттенеміз.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен, қайырымдылықтың бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы іске асырылып отыр.