Қоғамдық кеңестер халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс. Келісім болған жерде, кез-келген мәселенің шешімі табылады. Қоғамдық кеңесте қоғам үшін маңызы зор көптеген келелі мәселелер қаралады.
Тұрғындар қоғамдық кеңес арқылы мемлекет басқару ісіне қатысып, қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын қадағалайды. Өзекті мәселелерді билік органдарына жеткізеді. Осылайша, қоғамдық кеңес елге мемлекет саясатын түсіндіреді.
Осы тұста Төлеби аудандық қоғамдық кеңестің отырысына ауданның бірқатар ардагерлері мен тұрғындары қатысты. Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1. Ленгір қаласындағы көпқабатты үйлердің келбетін көріктендіру және қаланы дамыту, көгалдандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы.
2. Ленгір қалалық аурухана, емхана және Төлеби аудандық ауруханасы тарапынан аудан тұрғындарына көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы мен ашықтығы туралы.
Бірінші мәселе бойынша – Ленгір қаласының әкімі М.Жұмабаев баяндама жасады. Ленгір қаласындағы орналасқан көпқабатты үйлердің сыртын әрлеу және аумағына түнгі жарық шамдарын орнату, көгалдандыру, көшет отырғызу, жаяу жүргіншілер өткелдерін және жолақ сызықтарын бояу, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен слайд форматы арқылы таныстырды.
Екінші мәселе бойынша – алдымен Ленгір қалалық аурухананың бас дәрігері Е.Сұлтанов, екінші болып Ленгір қалалық емхананың бас дәрігері Ж.Нышанов және Төлеби аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Умарова дәрігерлік амбулаториялардың, медициналық тіректердің, төсек орын–күндізгі стационарлардың, мектеп кабиенеттердің жұмыстарымен және мекемелердегі амбулаториялық-емханалық қызмет, халықтың МӘМС көрсетікштерімен, онкология туберкулез ауруының мәліметтерімен, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуымен және басқада аудан тұрғындарға көрсетіліп жатқан қызмет түрлерін слайд форматы арқылы жеке — жеке баяндады.
Кеңес мүшелері және жиынға қатысушылар тараптарынан баяндамашыларға ұсыныс сұрақтар қойылып жауаптары тыңдалды. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында сала басшыларына нақты ұсынымдар жасалып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.