Аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен жиынға Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының м. а. М.Агибаев, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің директоры А.Жакупова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Қосалиев және ауылдық округ әкімдіктеріндегі әскери есепші стол мамандары қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

1. Төлеби ауданы бойынша коммуналық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасы.

2. Әскерге шақыру жасындағы жастарды азаматтық борышын өтеуге шақыру, дайындауда және сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

3. «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-де атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы.

Күн тәртібіне сәйкес кезектілігімен қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары және жауапты қызметкерлер өз мекемелеріндегі атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндады. Қосымша кеңестің комиссия төрағалары мен мүшелері қаралып жатқан мәселелерді алдын ала зерделеп, танысқандары бойынша хабарлама жасады.

Кеңес мүшелері баяндамашыларға ұсыныс – пікірлер, сұрақтар қойып көптеген түйткілді мәселелерді талқылады. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында нақты ұсынымдар айтылып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.