Төлеби ауданы Бірінші Мамыр елді мекені мәдениет үйінде Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынды қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімі Б.Маусунбеков, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының м. а. Б.Тойлыбаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің өкілдері, ауылдық округінің ардагерлері мен тұрғындары, ауыл билері мен имамдары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған бір мәселе бойынша қоғамдық кеңестің комиссия төрағасы О.Кадиров Бірінші Мамыр ауылдық округінде адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ізгі қоғам қалыптастыруда қоғамдық және діни ұйымдарымен бірлескен жұмыстарының жағдайлары туралы баяндама жасады. Қосымша ауылдық округ әкімі Б.Маусунбеков және Ленгір қаласындағы «Нұр» мешітінің найб имамы – «Шахи Мансұр» қайырымдылық мекемесінің директоры Исманов Сарвархан баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар күн тәртібінің жүргізілуіне сәйкес баяндамашыларға сұрақтарын қойып, жауаптарын тыңдады. Ары қарай кезектілігімен сөз алып өз ой пікірлерін ортаға салып талқылады.
Тұрғындар арасында азаматтық жауапкершілік мәселелерін насихаттау, ынтымақ пен ауызбіршілік, мәдениеттілік, дін әдеп ғұрыптары, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, іс-шараларды ысырапгершіліксіз өткізу жалпы адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстарына талдау жасалды.
Жиын соңында кеңестің комиссия төрағасы О.Кадиров ауылдық округі жанынан ардагерлер кеңесі, дін, билер, жастар, белсенділер, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер өкілдерінен құралған үйлестіруші кеңесін құруды және қаралған мәселе бойынша аудан тұрғындарына Үндеу жолдауды ұсыныс жасап жобасын таныстырды, жиынға қатысушылар бір ауыздан қолдады.