Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түріндегі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің сақталуына талдау жүргізді.
Ағымдағы жылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электронды жеке карточкалар берілмегені анықталды.
Оған себеп, уәкілетті орган электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбеген. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900 астам астаналықтардың құқықтары қалпына келтірілді, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар беріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.