Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстары талқыланып, дайындық барысы пысықталды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды.
Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр.
Қазан айында қосымша техникалар сатып алу жоспарлануда. Жалпы, қар күреу жұмыстарына, инертті материалдар мен қарды тасымалдауға тиісті қаражат қаралған. Қардан тазарту жұмыстары әр ауданда 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып, өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.