Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз жанармай құю» акциясының аясында шығу ауданына қарасты автожанармай және сұйытылған газ құю бекеттерінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мына ережелерді қатаң сақтау ескертілді:
қозғалтқышы қосылған машиналарға жанармай құюға болмайды.
найзағай кезінде немесе атмосфералық разрядтар пайда болған кезде көлікке жанармай құюға болмайды.
майлы киіммен жұмыс жасамаңыз.
1-9 класты қауіпті жүктері бар көлікке (жарылғыш, улы және радиоактивті заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен материалдар) құюға болмайды.
ішінде жолаушылары бар көлік құралына жанармай құю (төрт және одан да көп есіктері бар жеңіл автомобильдерден басқа).
аумақта жанар-жағармай стансаларының жабдықтарымен немесе оның құрылыстарымен байланысты емес жөндеу жүргізуге болмайды.