«Егін жинау науқаны және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы, бүгінгі меди-алаңымыздың спикерлері: ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы ақпараттармен бөлісті.
Осы жылы егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, жүргізілген әртараптандырудың нәтижесінде: дәнді-дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары-3,1 мың га жерге орналастырылды.
Егіс көлемінен ағымдағы жылы 87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда,жалпы 79,6 мың тн. өнім жиналды.
Атап айтсақ, дәнді дақылдар-16,9 мың тн., майлы дақылдар 2,9 мың тн., көкөніс пен бақша-40,6 мың тн., картоп-4,8 мың тн., мал азықтық-14,4 мың тн..
2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында:
— минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына — 122 146,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 52 000,0 мың теңгеге 467,5 тонна тыңайтқыш субсидияланды.
— тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 4 000,0 мың теңгеге бірінші ұрпақ будандарының 60,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.
— пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 44,3 тонна жеңілдетелген бағамен берілетін жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 245 теңгеден босатылуда.
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құрап күзгі жиын-терім жұмыстарына толығымен жұмылдырылды.