Табанды да қайсар батыр бабаларымызбен, тылда тынымсыз еңбек еткен жандар елеусіз қалған емес. Оған саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет еткен жанның еңбегін қосыңыз. Мұндай үлкен жүректі жанның бірі-тыл ардагері, ішкі істер саласында 30 жылдан астам абыройлы қызмет еткен ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері Шаймерден Айтпенбетов!
Тыл еңбеккерінің қара шаңырағына халық каhарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов арнайы барып, жүрекжарды лебізін жеткізді:
«Сізді жоғары талапшыл, өте еңбекқор, қамқор жан, білікті маман, тәуелсіз еліміздің нағыз патриоты ретінде білеміз. Сіздің Отан сүйгіштігіңіз, даналығыңызбен шеберлігіңіздің арқасында біз сізді Отанымызға шынайы берілген халқымыздың адал азаматы ретінде бағалаймыз!»-делінген Алғыс хатта.
Сондай-ақ ардагерге Түркістан облысы Ішкі істер органы мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев та ізгі тілегін жеткізді.
Өз кезегінде тыл ардагері тәртіп сақшыларының ықылас-құрметіне алғысын білдірді.