Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС машина жасау өндіріс орны жұмыс істейді.
Зауыт электротехникалар, блокты-модульдік және стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдерін Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған серіктестікте 200-ге жуық адам жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды дайындауда. Серіктестік қазақстандық нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Компанияның өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі