Тәртіп сақшылары Жетісай ауданы аумағында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіп, есірткі заттарын заңсыз егуге және сақтауға күдікті жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер үйдің ауласын тінту кезінде есірткі заты бар өсімдік түптерін тапты, ал моншасынан «кептірілген марихуанаға» ұқсас зат тәркіледі.
Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 20 грамнан асатын «марихуана» болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» және ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі