Қытай елінің Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткен ХІХ жазғы Азия Ойындарына жалпы 40 спорт түрінен 46 мемлекеттің спортшылары қатысты. Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия ойындары жүлдегерлері арасында Шымкенттік спортшылар да бар. Ал Елімізден 30 спорт түрінен 525 спортшы қатысса, соның ішінде Шымкент қаласынан 23 спорт түрінен 66 спортшымыз қатысты. Ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленсе, оның ішінде Шымкент қаласының спортшылары 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер өздерінің жетістіктері және нәтижелерімен бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен баспасөз конференцияда бөлісті.
Баспасөз мәжілісінде Шымкенттік спортшылар өздері қатысқан жарыстар туралы айтып берді және Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы алдағы жоспарлармен бөлісті.
«Алдағы жоспарларымыз көп. Кез келген спортшымыз Азия ойындарында жоғары жетістікке жетуге дайын, тыңғылықты жүйелі оқу-жаттығу жүргізілуде. Біздің алдымызда Параазияда ойындары тұр. Ол ойынға біздің Шымкент қаласынан Ұлттық құрама сапында 5 спортшымыз жарысқа шығып жатыр. Осы ретте, 2023 жылдың 22-28 қазан күндері аралығында IV Азия пара ойындары Ханчжоу қаласында өтеді. 4 жылды ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысады. Соның ішінде, Шымкент қаласынан 3 спорт түрінен 5 спортшы барады. Олар: пара жүзуден Кулкаев Айсұлтан, Ибрашев Мансурбек, Дубинина Алина. Пара садақ атудан Кішен Жасұлан. Пара каноэде есуден Богатыров Максим», — деді басқарама басшысы.
Азия Ойындарында байдарка және каноэда есуден С2-500 метр қашықтықта командалық сында 1-орынды, С2-1000 метр қашықтықта командалық сында 2-орынды жеңіп алған Сергей Емельянов спортшылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, жазғы Азия ойындарына қатысу тәжірибесі туралы айтып берді.
«Азия ойындарын дайындық жұмыстары Алматы қаласында өтті. 50 метрен 1000 метрге дейін кейбіреулерде болмады. Алдағы уақытта жоғыры дәрежеге жетуге тырысамыз», — деді ол.
Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мейіржан Шермаханбет ойын барысы туралы айтып өтті.
«Ойын барысындағы қиын қарсыластарға келетін болсақ тек бірінші айналымда Тайландтық палуанмен күрестім, ол жеңіл болды. Одан кейін Қытай палуанымен күрестім жергілікті, онымен алты минутқа күрестім және жартылай финалда Ирандық палуанмен, өздеріңіз көрдіңіздер 7,0 балмен таза жеңіске жеттім. Үш белдесуде оңай болған жақ, ойын барысында дайындықтың 80 пайызын көрсеттім деп ойлаймын», — деді спорт шебері.
Азия Ойындары 4 жылда бір рет Азия мемлекеттерінің қатысуымен өтеді.
Бұл Азия Ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін 1-ші рет қатысып отыр.