Шымкент: лас көліктің иесіне ескерту жасалды

Шымкенттік полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізді деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.


Іс-шара барысында Қаратау аудандық экологиялық полиция  қызметкерлерімен қаладағы «Қайтпас-1» шағынауданы Астана даңғылының бойында «Камаз» маркалы автокөлігі лас екендігі анықталып, тоқтатылды. Жүргізушіге бұл жағдай заңсыз екендігін түсіндірді.
        Тәртіп сақшылары аббаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасады.
         Полиция қызметкерлері азаматтарды, мекеме иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады.Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі,