2023 жылдың 7 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті, «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Тәлімгерлік: білім мен тәжірибе тоғысы» атты университет тәлімгерлерінің бірінші форумын өткізді.
Іс-шара мақсаты: жоғары білім беру мекемесіндегі тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде оқу топтары кураторларының қызметін жетілдіру және жандандыру.
Іс-шара міндеті:
— кураторлардың жұмыс тиімділігі мен уәждемесін арттыру;
— Кураторлардың кәсіби деңгейін арттыру;
— жаңа идеяларды жинақтау және жинақталған тәжірибені байланыстыру арқылы Кураторлардың кәсіби қоғамдастығын қалыптастыру;
— студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында кураторлардың тиімді тәжірибелерін анықтау және тарату;
— шығармашылық бастамаларды қолдау.
Форумға қатысуға университетіміздегі студенттерге қызмет көрсету орталықтарының басшылары, оқу топтарының кураторлары шақырылды. Сонымен бірге Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, Шымкент қаласындағы Ерлік музейі, «SHYM QALA» тарихи-мәдени кешені, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Сайрам тарихи-өлкетану музейі, Ретроавтокөліктер музейі, Бейнелеу өнері музейі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Шымкент қаласының А.С. Пушкин атындағы кітапханасы, Шымкенттегі американдық орталықтың жұмысы (А.С.Пушкин кітапханасының базасындағы), Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры, Шымкент қалалық опера және балет театры, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, Орыс драма театры, Vizit Shymkent ақпараттық орталығы сияқты Шымкент қаласындағы мәдени ошақтардың директорлары қатысты.
Форумда мәдени ошақтар таныстырылып, баяндамалар орындалып, пікірлер алмастырылды.