Экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоқтығына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде араб тілі және құранды толық үйрету бойынша дәріс берумен айналысқан.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде яғни, 138 000 теңге айыппұл салынды