Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері жеке сот орындаушыларынан келіп түскен сот қаулылары негізінде ірі көлемде қарызы бар көліктерді анықтауда. Бұл бағытта тәртіп сақшылары «Қорғау» бағдарламасын қолдануда.
Мәселен полицейлер қараша, желтоқсан айларында бейнебақылау камераларының көмегімен, мемлекетке берешектерін төлеуден жалтарып жүрген 13 автокөлік иесін анықтады. Олардың жалпы қарызы 95 миллион теңгеден асады. Бұл көліктер сот қаулысына сәйкес айыптұраққа қойылды.
Соның бірін атап өтсек, Жедел басқару орталығына жеке сот орындаушысынан 27 миллион 621 мың теңге көлеміндегі қарызын төлемей жүрген «Тойота» маркалы автокөлікті анықтауға көмек көрсету туралы сұрау түсті. Полицейлер аталған көлікті бейнебақылау камералары арқылы Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен анықтап, тоқтатты.
Тәртіп сақшылары борышкердің автокөлігін айыптұраққа қойды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі