Жетісай ауданында ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдарының қатары жыл сайын артып келеді. Солардың бірі – Мақталы ауылдық округіндегі «Мүйтембай ата» шаруа қожалығы. Аталған қожалықта бүгінде 47 бас ірі қара мал бордақылануда. Шаруашылықта өндірілген ет өнімдерін негізінен Жетісай мен Мақтаарал аудандарының халқы тұтынады.
Жылына 215 басқа дейін мүйізді қараны бордақылап, 50 тонна ет өндіретін қожалық төрағасы Нұржігіт Мүйтембаев бұл кәсіпті осыдан 13 жыл бұрын қолға алған. Қазіргі таңда ауыылдың 10 тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Сонымен қатар, бордақыланатын малдың жем-шөбі қожалықтың өзінде әзірленеді. Жылда қожалыққа тиесілі 30 гектар жердің 10 гектарына жүгері, 10 гектарына жоңышқа, қалған 10 гектарына мақта шитін егеді.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында жұмыс істеп тұрған ірілі-ұсақты 58 мал бордақылау алаңдарында 250 бас жылқы, 378 бас ірі қара, 1 395 бас қой бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі