Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болған 39 жастағы ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті жер телімі бойынша тұрғындарға өзін нотариус қызметкері ретінде таныстырып, алдаған. Жәбірленушілерден қызметі үшін алдын ала ақша алған.
Сондай-ақ тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған нотариустың дәл осыған ұқсас 4 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге 1 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.