Еліміздің дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды. Бүгінде мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударып келеді. Құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр.
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау маңызды мәселелердің бірі. Оқу жылы барысында ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен кереғар діни ағымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің спортқа ,өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында спорт шеберлерімен, өнер, мәдениет майталмандарымен 8-11 сынып оқушыларының арасында кездесу болып өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші аудан әкімі аппаратының бас маманы Ирисбекова Роза Махамадазимовна, Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Садык Диана Нұржанқызы, Қалалық психикалық оңалту орталығының дәрігері, психиатр- нарколог Ермаханова Перизат Умирзаковна, Шымкент қаласы № 14 спорт мектебінің әдіскері Шкарупа Григорий Иванович, Мектеп инспекторы полиция капитаны Е.Н. Утегенов , мектеп директоры А.Б.Касжанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Елубаев, Ж.Жаштаева, 8 -11 сынып жетекшілер, оқушылар қатысты. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында құқықтық саясатты жүзеге асыру.