Жастарды жұмыспен қамту – Үкімет алдында тұрған аса маңызды міндет. Бүгінде жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселесі жұмыспен қамту шараларының бірнеше бағыты бойынша жүзеге асырылып келеді. Жұмыс іздеуші жастарды жұмыспен қамтудың шаралары туралы, Тұрғын үй мәселесі бойынша, кәсіпкерлік және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және насихаттау мақсатында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Шымкентте Әл-Фараби ауданы аумағында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық шарада, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары түсіндіріліп, «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатылды. Жұмыс істеуге ниетті жастарға түрлі бағыттағы бос жұмыс орындары ұсынылады. Бұл жобалар 29-дан аспаған ЖОО түлектері немесе жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған.
Айта кетейік, бұндай түсіндірме жұмыстары қаламыздағы 5 аудан аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар Шымкентте жастарды қолдау мен жұмыспен қамту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асу үстінде. Сондай шаралардың бірі — Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүргізіліп жатқан — «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының маманы Исмаилова Диана, Қалан Алтынай және М.Өтебаев атындағы колледжінің жастары қатысты.
Түсіндірме жұмыстары барысында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» жөнінде толыққанды ақпараттар беріліп, жаднамалық парақшалар таратылды.