Кентау қаласындағы Қарнақ ауылында жыл басынан бері үш балалар ойын алаңшасы салынған. Нысандар ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асқан. Осы ретте, қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғысын білдірді.
Пайдалануға берілген ойын алаңшалары барлық талаптарға сай салынған. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен үшінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін тағы да үш алаңша табыстауды жоспарлаған. Бүгінде аталған ойын алаңшаларының құрылысы жүргізілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі