Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Абай ауданы әкімі аппараты және «Тең Мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «Толағай» жарысы болып өтті. Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында өткен сайыс 6 кезеңнен тұрды. Балаларға алғашқы қазақстандық оқу құралдарының, сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін бейімделгіш спорт түрлері бойынша дене шынықтыру-спорттық бағдарламасының әзірленген. Оқу материалдарын ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған.
Қазіргі таңда, дәл осы жоба еліміздің 24 қаласында өтуде. Ал, Шыментте өтіп жатқан жарысқа 100-ге жуық балалар қатысуға ниет танытқан. Рәміздер күнімен тұспа-тұс келген жарыста балалар 4 топқа бөлініп өзара үздіктерін анықтады. Сайыстың соңында жеңімпаздар арнайы кубоктармен қымбат бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында аниматорлар мен сиқыршы өз өнерін көрсетті.
Айта кету керек, «Тең Мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры бұл Қазақстанда бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамытуға, оның ішінде мүгедек балаларға арналған интеграцияланған нысандағы спорт секцияларының желісін құру арқылы жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешені. Жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.
Қазақстанда денсаулық жағдайында ауытқуы бар балаларға арналған спорт секцияларының жетіспеушілігі – бұл жобаны құру идеясына бастайды. Оған басты себеп дене шынықтыру бойынша бейімделген білікті мамандардың, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесінде мүгедек балалармен жұмыс істеу бойынша оң спорттық тәжірибенің болмауы.
Мұнда балалар аутизм, Даун синдромы сияқты басқа диагноздармен, сөйлеу дамуының кідірісімен, есту, көру қабілетінің бұзылуымен келе бастады. Барлық сабақтар топтық болды. Бұл сабақтың ерекшелігі – ерекше балалармен бірге олардың әпке-ағалары, іні-қарындастары да айналыса алады.
Бүгінгі таңда «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоры Қазақстанда Бейімделген дене шынықтыруды танымал ету бойынша үлкен жұмыс атқарып келеді: халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, бейімделген спорт түрлері бойынша мүгедек балаларға арналған оқу құралдары, дене шынықтыру-спорттық бағдарламаларын әзірледі, олар Қазақстанның жоғары оқу орындарына таратылды.