Түркістан облысы Шардара ауданының полициясы ұйымдастырып №16 коледжінің студенттеріне арналған кездесу өткізді. «Қылмыс орнын қарап тексеру» тақырыбында жүргізілген бұл кездесуде полиция подполковнигі Қуаныш Абилдаев және полиция аға лейтенанты Қуаныш Шылмырза жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жолдарын айтып өтсе, полиция капитаны Нұрбол Момынов пен Өстемір Байманов криминалистика саласындағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Полиция мамандығы оның ішінде криминалистика саласының қыр-сырына қанықтырған бұл шарада тәртіп сақшылары болашақта жастарды «Тергеуші және криминалист» мамандығын таңдауға шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі