Биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жалпы саны 999 істі құраған болса, өткен жылдан 91 іс қалдық ретінде өткен, яғни осы жылдың 6 айындағы соттың өндірісіндегі жалпы талап қоюлар саны 1090 әкімшілік істі құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қыдырбаева Гүлмира Дұрысбекқызы баяндады.
Бүгінде бірінші сатылы сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы 546-і кері қайтарылған. Осы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіндегі жалпы 1090 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 884 істі құраған.
Осы аяқталған 884 әкімшілік істің 253-і шешімді (23,2%), 631-і (57,8%) ұйғарымды құраған. Ұйғарымдардың 79 татуласу рәсімімен, 6 соттылық бойынша, ал 546-ы талап қоюды кері қайтару бойынша шығарылған ұйғарымдар (жеке ұйғарым, талапты қамтамасыз ету, ақшалай өндіріп алу туралы сот актілерін қоспағанда).
Бірінші сатылы сотпен қабылданған жалпы 253 шешімнің 139-ы (54,9 %) талап қоюды (ішінара) қанағаттандырумен, ал 114-і талап қоюды қанағаттандырудан бас тартумен шығарылған. Бұдан бөлек, 6 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған.
Сонымен қатар, тараптардың татуласу рәсімімен 26-сы, медиация тәртібімен 53-ші, жалпы алғанда 77 (8,9 %) әкімшілік іс аяқталған.
Осы жұмыс атқарған 6 айда бірінші сатылы соттың тарапынан әкімшілік процеске қатысушыларға қатысты жалпы 27 процестік мәжбүрлеу шаралары тағайындалған. Тағайындалған ақшалай өндіріп алудың жалпы сомасы 1 730 060теңгені құрайды.
Биылғы жылдың 6 айында сотпен талапты (ішінара) қанағаттандырумен қабылданған шешімдердің бүгінде 47 заңды күшіне енген. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің 39 орындалған, 8 орындалу мерзімі бар.
Жалпы айтқанда бірінші сатылы сотпен (ішінара) қанағаттандырумен шығарылған сот шешімдерінің орындалу барысы соттың тарапынан үнемі бақылауда.
Бұдан бөлек, әкімшілік істерге қатысты заңдылықтың бұзылуына байланысты бірінші сатылы соттың тарапынан осы бірінші тоқсанда жалпы 47 жеке ұйғарым қабылданған.
Оның ішінде қазіргі таңда 37 жеке ұйғарым заңды күшіне еніп, 33-і орындалған, ал 4 ұйғарымның орындалу мерзімі бар.
Көрсетілген жеке ұйғарымдарға апелляциялық тәртіппен жеке шағым түскені 7 істі құрайды. Аталған істің барлығы алқамен қаралып, бірінші сатылы соттың жеке ұйғарымдары өзгеріссіз қалдырылған.
Бірінші сатылы соттың өндірісінде тоқтамға алынған істер жоқ.
Қазіргі таңда бірінші сатылы соттың өндірісіндегі қалдық істер саны 145 (13,3 %) істі құрап отыр, оның ішінде 37 әкімшілік іс 1 айдан аса қаралуда, ал 2 айдан және 3 айдан асқан істер болмаған.
Жалпы бірінші сатылы соттың өндірісіндегі әкімшілік істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.