Шымкент қаласының мемлекеттік қызмет департаменті өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау бағытында тиісті іс шаралар жүргізеді.
Осылайша, Шымкент қаласында орналасқан ЖШС-гі өз өтініштінде Шымкент қаласы әкімдігі (Әрі қарай – Әкімдік) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізсіз бас тартқандығын көрсетіп, Департаменттен тиісті шара қолдануды сұрады.
Аталған өтінішке сәйкес, Департамент тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, өтініште көрсетілген мән жайлар өз дәлелін табуына байланысты бұзушылыққа жол берген тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыным жолданды.
Департаментпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде, қызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, өтініші бойынша Әкімдікпен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жайлы қаулы бекітіліп, қызмет алушыға ұсынылды.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың игілігі үшін жұмысын жалғастыруда