АЭС-ке байланысты дөңгелек үстел өтті

дөңгелек

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде 6 қазанда өтетін референдумға байланысты жастар арасында Атом электр станциясы туралы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – студенттер мен ұстаздар қауымын алдағы референдумның маңыздылығы туралы ақпараттандыру және елімізде АЭС салу мәселесі бойынша ой-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беру болды.

Кездесу барысында спикерлер атом энергетикасының Қазақстанның болашағы үшін рөлі мен маңыздылығын талқылады. Олар АЭС-тің жұмыс істеу принциптері, қауіпсіздік шаралары және қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында қатысушылар АЭС құрылысына қатысты түрлі көзқарастарын білдіріп, референдум арқылы өз пікірлерін білдірудің маңызды екенін атап өтті. Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша жан-жақты ақпарат алды.

Сонымен қатар жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен А.Ж.Тәшенов атындағы университетінің студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында А.Ж. Тәшенов атындағы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, Қазақстандағы атом электр станциясының маңыздылығы туралы ақпараттандырылды.

Сонымен қатар, атом энергетикасының ел экономикасындағы орны, экологиялық және энергетикалық артықшылықтары талқыланды. Студенттер мен оқытушыларға атом электр станцияларының тұрақты және қауіпсіз энергия көзі ретінде алатын рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жас буынға атом энергетикасының болашақтағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом электр станциясының үлесін көрсету болды.