Бүгін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Дәулетәліұлы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы өзара серіктестік меморандумына қол қойды.
Меморандумның мақсаты — ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Түркістан облысының жұмыссыз жастарын жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Алдағы уақытта аталған орталықтар төмендегі бағыттағы бойынша бірлесіп жұмыс жасайды:
Аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтары мен мансап орталықтары филиалдарымен бірге облыс көлеміндегі жоғарғы және арнаулы білім беру ұйымдарының түлектерін анықтау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша мәліметті облыстық Еңбек мобильділігі орталығына жолдау;
Еңбек мобильділігі орталығымен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Жастар орталығымен бірге нақтыланған жұмыссыз жастарға жұмыс берушілер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындары мен «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орындары», «Бастау-бизнес» т.б. жобаларға қатысуға жолдама беру.