Жас ұрпаққа отбасылық құндылықтар кеңінен ұлықталды

Жас ұрпаққа

Отан отбасынан басталады. Отбасы бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы-адам баласының алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап осы ортаның түрлі жағдайына бейімделіп ер жетеді. Сондықтан отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі болып табылады.

Жас ұрпақ тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылықтар болуы маңызды. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық патриоттық, рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер .

Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Отбасының құндылықтарын насихаттау және отбасындағы ұрпақтар сабақтастығы» атты іс-шара өткізілді. Тағылымы мол шараға Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшы орынбасары Күміс Мирова, «Ардагерлер кеңесі» мүшелері, аудан бойынша «Әкелер мектебінің» төрағасы, «Әжелер» алқасы және колледж студенттері, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары («Хабар24», «Sairam» телеарналары) жалпы саны 70 адам қатысты.

Ауқымды жиынға ақын әжеміздің кіндігінен тараған Шонтықовтар отбасы, Құрмантаевтар және Төлендиевтер әулеттері арнайы шақыртылды. Олардың тарапынан өскелең ұрпаққа, жас отбасыларға отбасы құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы туралы үгіт-насихаттар және тәрбиелік мәні терең ақыл-кеңестер айтылды.

Шуақты іс-шара ауданымыздың талантты өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.