Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлері өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жалпы ел аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Осы орайда, Шымкент қаласының полиция департаменті Ішкі істер министрлігі және қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, оқу жылы барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, колледждерде және жоғарғы оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп келеді. Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Сондықтан жастардың бойында құқықтық сананы қалыпртастыру қажет.
Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, проректорлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.
Кезекті іс-шара Орта Азиялық жоғары медициналық колледжінде жалғасын тапты.
Оған қатысқан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков көрсетілген мәселелер бойынша болашақ медицина қызметкерлеріне толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Сөз соңында студенттер аталған бастамаларды қолдайтындарын және алдағы уақытта оқуды аяқтаған соң осы бағытта жұмыс жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.