Түркістан облысында «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды

Бір күндік клиника

Түркістан облысында «Бір күндік клиника» – атты бірегей пилоттық жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық №1 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша перинаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады.

Ондағы бірінші әрі маңызды қадам — дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу. Перинаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі.

Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.

Айта кетейік, емдеудің жаңа тәсілі арқылы ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға болады. Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде ақысыз түрде жүргізіледі.