Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен №5 Қалалық Емхананың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бақылаудың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сервистік және Клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық бақылау жүргізу шараларына Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Бақылау барысында: қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат тақтасының және уәкілетті органға олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну мүмкіндігі туралы ақпараттардың болмауы анықталды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған кемшіліктерді қалпына келтіру, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, Қоғамдық бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сонымен қатар, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасатын болады.